Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің есебі

 

1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Бұйрығы) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі»мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - мектеп) мемлекеттік қызметтердің 8 түрі көрсетіледі .

2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 231 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы - 15, мемлекеттік корпорация арқылы - 195, электрондық түрде-21

Мектеп 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  

Мемлекеттік қызметтің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі

Ақылы / тегін

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Тегін

Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау

Мемлекеттік корпорация, облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен қалалардың ЖАО, білім беру ұйымдары, «электрондық үкіметтің» веб-порталыГ

Тегін

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы

Тегін

Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, «электрондық үкіметтің» веб-порталы

 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Тегін

Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

Мемлекеттік орган, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Тегін

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау

Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың  ЖАО, білім беру ұйымдары, «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Тегін

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.

Мемлекеттік орган, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Тегін

 

Білім беру саласында неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

   

  1. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау-2021 жылы – 65 қызмет көрсетілді.
  2. Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-2021 жылы 6 қызмет көрсетілді.
  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау - 2021 жылы 98 қызмет көрсетілді.

Әлеуетті қызмет алушылар білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты келесі сайттардан ала алады: http://adilet.zan.kz,rudoo.edu-kost.kz, rudny.kostanay.gov. kz, сондай-ақ мектепте мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты бар ақпараттық стенд жабдықталған, мектеп сайтында білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат тұрақты негізде орналастырылады.

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Мектепте көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат мектептің«Мемлекеттік қызметтер» ресми сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай Сайттағы осы бөлім жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат мектептің 1-ші қабатындағы фойеде орналастырылған.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

Құқық бұзушылыққа әкелетін фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында мектепте 9-51-26 «Сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ мектепте бейнебақылау камералары жұмыс істейді.

 

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мектеп қызметкерлерімен тұрақты негізде директор жанындағы кеңестерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, Құқықтық жалпы оқыту сабақтарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарының негізгі ережелері үнемі жарияланады.

3) мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін Нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат (қосымша): шағымдар жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері, барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес көрсетіледі.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері: жүргізілмеген.

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері: мониторинг жүргізілген жоқ.