31.03.2022-ғы № 11-1-1-1449 шығыс хаты 01.04.2022-ғы № 1567 кіріс хаты |
ПРЕСС-РЕЛИЗ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады.
«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.
Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттеріжеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Antikor оrtalyǵy-ның функциялары:
- жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;
- уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;
- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.
Орталықтың жұмыс уақыты: дс-жм, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.